Атырау, 18 желтоқсан 20:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Вице-министр мәжілістен мәңгіріп шықты". "Челахтың iсi арқау болған “Наша правда” нелiктен көрсетiлмедi?". "«Алға!» партиясының мүшесі Перизат Қасымова Әбілязовтың құпиясын ашты". "Кедендік одақ «үштіктен» «бестікке» айналуы әбден мүмкін".

2 668 просмотра

INFORM.KZ. «Үкімет БТА, Альянс және Темірбанк бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізуде - Қ. Келімбетов» - «БТА банк, Альянс және Темірбанктердің тағдырына келсек, Мемлекет басшысы ағымдағы жылы инвестор іздеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын. Осы арқылы мемлекет аталмыш банктердің капиталынан шыққысы келеді, яғни, біз бұл банктерді сатуды қарастырамыз», деді депутаттар сауалына жауап берген Қайрат Келімбетов. Оның айтуынша, қазіргі таңда Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ отандық және шетелдік инвесторлармен тиісті келіссөздер жүргізуде.

ZHASALASH.KZ. «Есiктен сығалаған iндет төрден бiр-ақ шықты» - 1937-38 жылы бiз қазақтың оқығандарынан тек тәни тұрғыдан ғана айырылып қалған жоқпыз, орасан зор интеллектуалдық күш-қуаттан айырылдық. “Та­ға – тұяқты, тұяқ – тұлпарды, тұлпар – ердi, ер елдi сақтаса”, ел­дi сақтай бiлетiн еңiреген ер­ле­рiмiзден, жолбасшыларымыздан, көшбасшыларымыздан, кө­семдерiмiзден айырылып қал­дық. Әлi күнге дейiн оңала алмай, кенжелеп келе жатуымыздың себебi де осында жатыр.

«Челахтың iсi арқау болған “Наша правда” нелiктен көрсетiлмедi?» - Өткен жұма күнi кешкi тоғыз жарымда КТК арнасы әдеттегiдей “Наша правда” бағдарламасын көрсетуi тиiс едi. “Бұл жолғы бағдарлама Арқанкергеннiң бiр жылдығына арналады” деген құлақтандыру бiрнеше күн бойы арнаның прайм-тайм уақытында жарнамаланды да. Бағдарламаға Арқанкергенде қаза тапқан шекарашылардың аналары, 14 сарбаз бен қорықшыны өлтiрдi деген айыппен өмiр бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың анасы Светлана Ващенко қатысқан. Алайда “Наша правда” белгiсiз себеппен эфирге шықпай қалды. Оны теледидар алдында телмiрiп күткен жұртқа Челахты кiнәлаған сюжет көрсетiлдi.

SERKE.ORG. "«Алға!» партиясының мүшесі Перизат Қасымова Әбілязовтың құпиясын ашты" - Павлодарда болып өткен баспасөз мәслихатында "Алға!" партиясының Павлодар облыстық филиалының бұрынғы басшысы Перизат Қасымова Қазақстанда зейнеткерлік жастың көтерілуіне және коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне қарсы пикеттерді Мұхтар Әбілязовтың ұйымдастыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

MASA.KZ. «Астанада әлсіз әкімдердің шеруі басталды» - Қалың да қоңды «портфельдерімен» қимай қоштасқандардың арасында елге танымал еліміздің бұрынғы Бас есепшісі, қазіргі Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитетінің төрағасы Мүсірәлі Өтебаев пен қазақтардың туған топырағындағы 10 соттық жеріне «қол салып», жер телімінің тегін бөлуіне қарсы ұсыныс жасаған Аймақтық даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы Қадырхан Отаров та бар.
Біздің басылымымыздың сынына ұшыраған Астана қаласындағы Алматы ауданының «белі бесіктен шықпаған» әкімі Павел Кулагиннің табанының тайғанын «әділдіктің орнауы» деп қуансақ, өз облысымыздың әкімінің аппарат жетекшісі Жалғас Мырзағалиев үшін ұялып, жерге қарадық.

ALASHAINASY.KZ. «Кедендік одақ «үштіктен» «бестікке» айналуы әбден мүмкін» - Ақордада Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қырғыз бен украин басшысы да қатысқан болатын. Бірі мүшелікке ұмтылса, екіншісі бақылаушы мәртебесінен үмітті. Сөйтіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Президенті Владимир Путиннің, Беларусь Президенті Александр Лукашенконың, Украина Президенті Виктор Януковичтың  және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың қатысумен өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралып, соңғы екі мемлекеттің ниеттері құпталды.

AZATTYQ.ORG. «Қорғас ісі» сотқа жетті» - Алматыда «Қазақстан-Қытай шекарасында контрабандалық тауар өткізу желісін ұйымдастырып, кәсіпкерлерден ақша жинаған» деп айыпталғандардың алдын ала сот тыңдауы басталды. 45 айыпталушының арасында ҰҚК мен кеден қызметкерлері бар.

ANATILI.KZ. «Абай ұрпақтары қалай қуғындалды» - Тектінің ұрпағы да текті болады екен ғой. Қолымызға түскен құжаттар осы сөзімізді айғақтайды. Түбіне тартып туса, несі айып?.. Алайда қазақтың намысы мен мүддесі жолында бас тіккен хакім Абайдың ұрпақтары мен туыстарын бүгін біріміз білсек, біріміз білмейміз.

NAMYS.KZ. «Ықылас ОЖАЙҰЛЫ. Алаш арыстарының алты талабы тағы да алдымыздан шықты…» - Қария тарихтың көне парағы міндетті түрде бір ғасырда немесе жүз елу жылдан кейін қайтадан қайырыла ашылады деп ешкімнің де кесіп-пішіп кесім айта алмайтыны секілді, оның айналып келмесін де ешкім жалғанға шығара алмайды. Себебі, бұл бәрібір болмай қоймайтын аксиома. Жарайды, тарих қайталанады делік. Сонда біздің тарих адамды өткен өміріне ынтызар етіп, арманыңа сағыныш демдейтіндей тарих па?

TURKYSTAN.KZ. «Бесеудің хаты» немесе Лекеров неден жазықты болды?» - БК(б)П Орталық Комитетінің Бас хатшысы Иосиф Сталиннің 1937 жылы «Кадр­лар туралы төрт сөз» деп аталынған кітабы жарық көрді.

«Вице-министр мәжілістен мәңгіріп шықты» - Әсіресе, соңғы жылдары сайланған Мәжілістің халық сөзін сөйлегеннен гөрі, биліктің сойылын көбірек соғып келгені мәлім.  Өзгені былай қойғанда, әйелдердің зейнет жасын 63 жасқа дейін ұлғайтуды ұсынған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке де қарсы уәж айтқан ешкім болмап еді.

MUSLIM.KZ. «Израиль депутаты пайғамбарларға карикатура салғандарды жазалайтын заң жобасын ұсынды» - Оның айтуынша, мұндай дінаралық дүрдараздықты туғызатын қылмыстардың жазасы үлкен сомадағы айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейін баруы керек.

EGEMEN.KZ. «Қыңырайған қабақтар» - Оған не себеп болып отыр? Бұл күнде көміршілердің « Қорғау» кәсіподағы мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ арасында кезекті үлкен дау туып жатыр. Еңбеккерлер мүддесін қорғаушы ұйым және аталған компания тараптарынан кейінгі кезде бір-бірін түсінбеушілік, келіспеушілік жайлар жиілеп тұрса, осы жолғы текетірес те екі жақ жүйкесін біраз тоздыратын сыңайлы. Ендігі тартыс та қиқусыз емес.

«Қару қашанда қасірет әкеледі» - Парламент Мәжілісінің  Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңес бірлесіп, палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен «Травматикалық қару: заңнамалық реттеу мәселелері»  деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

30 мамыр 2013, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.