Қазақстан ОПЕК + -ке қатысушы кейбір елдермен үйлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартады, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, 2024 жылдың маусым айының соңына дейін Қазақстанда өндіру тәулігіне 1,468 млн. баррельді құрайды. Болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылатын болады.
Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылдың сәуірінде жариялаған, 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін созылатын өндірісті күніне 78 мың баррельге өз еркімен қысқартуға қосымша болып табылады.
Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарықтарының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған.