Атырау, 7 қараша 08:33
 дождьВ Атырау +3.6
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

​ҚазМұнайГаздың мұнай тасымалдау көлемі 7,6 пайызға артты

1 508 рет қаралды

ҚМГ-нің магистральды құбырлар мен теңіз арқылы мұнай тасымалының жалпы көлемі 7,6%-ға, яғни 80 359 мың тоннаға дейін ұлғайды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

Мұнайды магистральды құбырлар арқылы тасымалдау 6,5%-ға ұлғайып, 69 581 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіштің өсуіне мұнайды ҚазТрансОйл жүйесі арқылы Германия бағытына экспортқа жөнелту көлемінің ұлғаюы, Ақтау порты арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнайды тиеп жөнелтуі, сондай-ақ Қашаған кен орнынан Каспий құбыр консорциумы жүйесіне мұнайды тапсыру көлемінің ұлғаюы әсер етті. 

Мұнайды теңізбен тасымалдаудың жалпы көлемі 15,4%-ға артып, 10 778 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіштің өсуіне негізінен Қазақстан мұнайын Ақтау порты — Баку порты бағыты және одан әрі Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы экспортқа жөнелту көлемінің  ұлғаюы себеп болды.

1 наурыз 2024, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.