2024 жылғы 23 ақпанда «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС кеңсесінде Серіктестік Қатысушылары, Серіктестік басшылығы және кредитор өкілдері арасында қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында, Chustrial and Commercial Bank of China Limited компаниясымен жасалған 2018 жылғы 27 маусымдағы кредиттік шарт бойынша 540 млн АҚШ доллары сомасына ағымдағы қарызды толық мерзімінен бұрын өтеуге арналған ресми кездесу өтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Серіктестік Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жүйесінің учаскелері болып табылатын Атасу- Алашанькоу және Кеңқияқ-Құмкөл магистральдық мұнай құбырларының иесі болып табылады. Атасу - Алашанькоу және Кеңқияқ -Құмкөл магистральдық мұнай құбырының құрылысын қаржыландыру мақсатында Серіктестік 2004-2008 жылдары халықаралық коммерциялық банктерден жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ долларынан астам қарыз қаражатын алды.
2024 жылдың 6 ақпанында Серіктестік несиені мерзімінен 6 ай бұрын толық өтеуді жүзеге асырды, бұл сондай-ақ несие бойынша пайыздарды төлеуге жұмсалған шамамен 1,6 миллион долларды үнемдеді.
2024 жыл Серіктестік үшін айтулы жыл болып табылатыны, алдағы 20 жылдық мерейтойында Серіктестік барлық несиелік міндеттемелерін өтегені атап өтілді. Өз кезегінде Серіктестік тарапынан мерзімінен бұрын өтеу компанияның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал етеді.