«Рожков» кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілгеннен бастап 2024 жылдың қаңтарында алғашқы 4,2 мың тонна көлемдегі газ конденсаты экспортқа жөнелтілді, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
2024 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша «Рожков» кен орнынан Батыс Қазақстан облысының қажеттілігін қамтамасыз етуге жіберілетін (облыс бойынша жалпы қажеттіліктің 25%-дық үлесін қамтиды) 1100 тонна сұйытылған көмірсутек газын (СКГ) өндіру жоспарлануда.
Кен орнын толыққанды игеру кезінде жалпы өндіру және көмірсутек шикізатын өндіру көрсетеіштері:
- табиғи газ — жылына шамамен 1 млрд текше метр газ;
- газ конденсаты — жылына 500 мың тоннадан астам;
- сұйытылған көмірсутек газын өндіру — жылына 150 мың тоннадан астам;
- тауарлық өнім —700 млн текше метр тауарлық газдан астам;
- СКГ шамамен — жылына 100 мың тонна болды деп күтілуде.
«Рожков» кен орнынан өндірілген шикі газ «Жайықмұнайгаз» ЖШС газ өңдеу кәсіпорнына жөнелтіледі, ал өңделген дайын тауар газы ішкі нарыққа жеткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Рожков» газ конденсатты кен орны (Батыс Қазақстан облысы) 2023 жылғы 21 желтоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға берілген болатын. Кен орнының операторы «Урал Ойл энд Газ» ЖШС — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы. «Урал Ойл энд Газ» ЖШС қатысушыларының үлесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%), венгриялық MOL Caspian Oil and Gas Plc (27,5%) және Қытайдың First International Oil корпорациясы (22,5%) тиеселі.