Атырау, 7 қараша 09:05
 дождьВ Атырау +3.6
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

АМӨЗ бас директоры мен бас инженерін қызметінен босату туралы шешім қабылданды

1 695 рет қаралды
Ғалымжан Жусанбаев (оң жақта) және Әділет Шошанбасов. Фото: anpz.kz

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комиссиясы жұмысының нәтижесі бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғ.Жусанбаев және бас директордың орынбасары – бас инженер А.Шошанбасовты қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады.

Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.

19 ақпан 2024, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.