Атырау, 19 қараша 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

«Бозашы Мұнай» ЖШС-не 350 млн теңге айыппұл салынды

831 просмотра

Маңғыстауда Экология департаментінің Қаратұрын кен орнындағы ұңғымадан шыққан өрт бойынша «Бозашы Мұнай» ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеруі аяқталды, деп хабарлайды inform.kz.

Өткен жылы 9 маусымда кен орнындағы №303 ұңғымада бұрғылау құбырын көтеру кезінде оқыс жағдай болып өрт шыққан болатын. Ал бұл апаттың ұзақтығы 200 тәулікке созылып, табиғи газ үздіксіз жанып тұрған. 

«Экология департаментінің мамандары атмосфералық ауаны ластаушы заттардың бар-жоғына бірнеше рет өлшеу жасады және оның нәтижесі ауада метанның шамадан тыс мөлшерін көрсетті. Былтыр 25 желтоқсанда ұңғымадағы өрт сөндірілді. Ал қаңтар айында Экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ол экологиялық заңнама талаптарының бұзылуын анықтады. Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының метан бойынша 480 есе, мұнай өнімдері бойынша топырақта 168,13 мг/кг артқаны анықталды», - деді Экология департаментінің өкілдері.

Айта кететін жайт, берілген рұқсатқа сәйкес ұңғыманы бұрғылау 2024 жылы басталуы керек болған. Бірақ 2023 жылдың мамырында тиісті жұмыстар қолға алынды. 

Тексеру қорытындысы бойынша аталған кәсіпорынға келтірілген экологиялық залалды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін сақтау бойынша ремедиация бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туралы нұсқама беріліп отыр. Сондай-ақ, 4 әкімшілік хаттама жасалып, салынған айыппұл мөлшері – 350 млн теңге.

19 ақпан, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.