Өнеркәсіптің бірінші басшыларының үнсіздігі мен нақты ұстанымының жоқтығынан біз, Қазақстанның жас мұнай өңдеушілері, бір отбасы ретінде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы бауырларымыз бен жолдастарымыздың арасында қалыптасқан жағдайда бейтарап қала алмаймыз.
Біз де барша мұнай өңдеуші әріптестеріміз секілді зауыт мұражайларында сақталған зауыттың алғашқы қадамдарынан бастап, бүгінгі кемелдену кезеңіне дейін бірге өмір сүріп келеміз. «Қиын заман мықты адамдарды тудырады, мықты адамдар жақсы заман жасайды, жақсы заман әлсіз адамдарды тудырады, ал әлсіз адамдар қиын заман жасайды» деген сөздің мағынасын білетін жандармыз.
Бір ай бұрын, 2024 жылдың қаңтарында АМӨЗ жаңа ресми «келбетке» ие болды – кәсіпорын өмірі «жаңа қиын кезеңге» аяқ басты... қазір де солай қалып отыр. Біз АМӨЗ жұмысшыларынан кәсіпорынның ағымдағы қызметі, онда болып жатқан жайттар туралы және «технарлардың» - қарапайым технологтардың, механиктердің, операторлардың және машинистердің еңбек ұжымында қалыптасып жатқан ахуал жөнінде хабардармыз.
Біз қазіргі жағдайда мұнай өңдеу саласынан алшақ жаңа «тұлғалар» еңбегі, шеберлігі және мамандығына деген адалдығы Қазақстанның мұнай өңдеу саласына елеулі үлес қосқан кәсіпорынның тәжірибелі қызметкерлерінің беделін түсіріп, қаралап жатқанда АМӨЗ-дің ішкі және сыртқы жағымды имиджін сақтау және жұмыс істеу қаншалықты қиын екенін түсінеміз.
Біз бұл үндеудегі сөздерді Қазақстандағы барлық мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттарының, ғылыми орталықтардың және осы кәсіпорындардың жобалау ұйымдарының қызметкерлерімен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің тиімді құралы ретінде қолданғымыз келеді. Бұл үндеу мұнай өңдеу саласы кәсіпорындарының барлық ұжымдары, олардың серіктес және сервистік компаниялары, Қазақстандағы өңірлік, облыстық және республикалық БАҚ, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар үшін ақпарат көзі болса дейміз.
АМӨЗ-дің қарапайым жұмысшыларының жүрегі мен санасы – зауыт тіршілігінің нағыз хронографы мен шежіресі міне, осылар... Бүкіл «уақытша қиындықтарға» қарамастан, дәл осы адамдар АМӨЗ-дің және оның өнімдерінің беделін көтеруге, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбектегі жетістіктерін, олардың кәсібилігі мен біліктілігін дәріптеуге жағдай жасайтынына сенеміз.
Біз, ҚМГ, ПМХЗ, PKOP, KASPIBITUM қызметкерлері атыраулық әріптестеріміздің көпшілігін жеке танимыз және біздің АМӨЗ кәсіпқойларымен қарым-қатынасымыз бір мақсатқа біріккен. Бұл жай ғана өндірістік қызмет емес, бұл Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздікке деген жоспарлары мен амбицияларын жүзеге асыру және мұнай өңдеу зауыттары туралы ұғымды өзгертетін заманауи технологиялық қондырғыларды жасау– біз Мұра жасап жатырмыз.
Бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) Қазақстандағы мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру бойынша ірі кәсіпорын. Өрт-жарылыс қаупі бар және энергияны көп қажет ететін өндіріс, күрделі технологиялық процестер мен жабдықтар, оқытылған және жоғары білікті қызметкерлер, зауытта бірқалыпты өндірілетін әртүрлі сұрыпты бензин, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған газ, вакуумдық газойл, мазут, күкірт, әртүрлі маркалы битум, кокс, т.б. өнімдердің кең ауқымы - Қазақстанның батысындағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды осылай елестетуге болады.
Әділет және АМӨЗ командасы, сіздерге айтарымыз: зауыттың тағдыры – нақты идеялар мен нық мақсаттар болса, айтарлықтай дәрежеде біздің қолымызда!
Әріптестер, абырой мен күш-жігеріңізді сақтаңыздар! Біз Сіздермен біргеміз!
Әділет, біз кәсіби маманбыз және бұл мәселені мүмкіндікке қалай айналдыруға болатынын қолымыздан келетіндей... Бас инженер ретінде ойланайық.
P.S. «Бөгде шуға» назар аудармаңыздар - дилетанттар қашан да мәселені шешуге емес, сол мәселеге уақыты пен күшін жұмсайды...
Құрметпен, Павлодар мұнай-химия зауытының ұжымы.