ZHASALASH.KZ. «Жәкiшева жарады» - Жақында EurasiaNet басылымы “Қазатомөнеркәсiптiң” бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкiшев туралы “Қазақстан: атом компаниясының түрмедегi бұрынғы басшысы ресейлiктер аляқтық жасады ма деп күдiктенедi” деп аталатын мақала жариялады.
«78 жастағы жазушы өзiн-өзi атып өлтiрдi» - Жексенбi күнi Парижде 150 мың адам митингiге шықты. Париж орталығына жиналған жұрт бiржыныстылардың некеге тұруына және олардың бала асырап алуына рұқсат беретiн заңға наразылық танытты. Өткен аптада 78 жастағы француз жазушысы Доминик Веннер Париж әулие анасының шiркеуiнде (Нотр-Дам де Пари) өзiн көпшiлiктiң көзiнше атып өлтiрдi. Өлiмнен бiрнеше сағат бұрын жазушы өз блогында бiржыныстылардың некесiн қатты сынаған болатын.
AIKYN.KZ. «Қолдан келсе, кесарь жасатпаңыз...»
«Күмән туғызатын рейтинг кімге керек?» - Қазақстандық телевизия саласына сын тағып, мін айтушылар көбейді. Осы ретте «бүгінгі қазақ телевизиясы бәсекеге қабілетті ме? Қазақстандықтар отандық телеарналарға қаншалықты риза?
«47 жыл көкте болған ғарышкерлер кімдер?» - Кеңес империясының қабырғасы қақырап, әне-міне құлайды деп тұрған 1990 жылы әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Үш ғарышкер Жерге оралды.
AZATTYQ.ORG. «Құқық қорғаушы Харламов ауруханадан абақтыға жөнелтілді» - Риддер қаласында тұратын журналист Александр Харламов наурыз айында тұтқындалып, "діни алауыздықты қоздырды" деген айып тағылған еді. Сәуірдің соңында оны мәжбүрлеп Алматыдағы жүйке ауруларын емдейтін клиникаға жатқызған. Мұнда оның "ақыл-есі түзу, я түзу емес екенін" анықтамақ болған.
«Оқушылар арасындағы зорлыққа кім жауапты?» - Мектепте зорлық-зомбылық жиі кездескенімен, көпшілігі қылмыс ретінде жазаланбайды. Мамандар «баланы жазаламау - гуманды шешім» десе, жәбірленуші тарап «бұл басқа қылмысқа себеп болуы мүмкін» дейді.
BNEWS.KZ. «Салық жүйесін жетілдіру – уақыт талабы» - Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі саналатын Қазақстанның салық жүйесінде жағдай қандай? Нендей жаңашылдықтар бар? Елімізде қалыптасқан қазіргі жағдайға шолу жасап көрейік.
JAQSY.KZ. «Сәкен СЫБАНБАЙ. Эстетикасыз экран» - Шүберек – «адам көркі» ғана емес. Ол – сонымен қатар кісінің эстетикалық талғамынан хабар берер, қала берді сол кісі өкілі саналатын халықтың таным-түсінігін ұқтырар бұйым.
«Есей ЖЕҢІСҰЛЫ. Эксперимент ұрпақ» - Базарда арба итеріп жүрсің бе? «Үйге келе салып, тамақ ішуге шамасы келмей жығылады» дейді ағаң.
SERKE.ORG. «Самұрық-Қазына» ішінен іріп жатыр. Реформа деген сөз сапыру ма?» - Отандық шенеуніктерді әйтеуір бірнәрсені реформалауға қойсаң ғой. Олар көбінесе еріккеннің ісін істейді. Сондықтан «Самұрық-Қазынаны» кезекті реформалап, одан даму институттарын «Байтерек» мемлекеттік холдингіне берілуі көңілге күдік ұялатады.
HALYK-GAZETI.KZ. «Жылтырағанның бәрі алтын емес» немесе елімізде халал индустриясының кенже қалуына не себеп?» - Халық арасында халал өнімдерін тұтынатындардың саны жыл сайын артып келеді. Бұдан еліміздегі халал өндірісінің көлемі ұлғайып, қанатын кеңге жая бастағанын анық байқауға болады. Тек мұсылман халықтары ғана емес, халал өнімдерге өзге де дін өкілдерінің сұраныстары артқан. Алайда, бұл біздің еліміздегі халал индустриясының қарқынды дамып келе жатқандығын білдірмейді.
MUSLIM.KZ. «Мойдодыр» ертегісіндегі қолтырауынның қолында Құран неғып тұр?» - Оқушы кезімізде орыс әдебиетінен Корней Чуковскийдің «Мойдодыр» деген ертегісін сүйіп оқушы едік. Тазалыққа, ұқыпты болуға шақыратын ертегінің мультфильмін де сүйсіне көретінбіз. Жақында Ресейдегі Ростов-на-Дону қаласының бір баспасынан осы ертегі суретті кітап боп басылып шығыпты.
ABAI.KZ. «Дәурен Қуат. «Быть строй»... олардың әкелерін таныту керек!»
ALASHAINASY.KZ. «Сұлулығы сор болған жігітке көлік сыйлады» - Асқан әдемілігі үшін Сауд Арабиясынан қуылған Омар Борқан әл-Ғалаға бір әйел Mercedes G55 көлігін сыйға тартты. Көркі маңдайына сор болған жігітке әлемнің түкпір-түкпіріндегі қыз-келіншектер қолдау білдіріп жатыр.