Атырау, 22 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматы облысында қар көшкіні жүрді

666 рет қаралды
Фото: ТЖ департаменті

Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген ауылы - Батан» автожолынан 24 шақырым жерде қар көшкіні болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы ТЖМ мәліметінше, жалпы көлемі 216 текше метр болатын қар массасы автожолды жауып тастады.

Зардап шеккен азаматтар мен ғимараттар жоқ.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 1 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді. Сондай-ақ, «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері автожолды тазартумен айналасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Түрген ауылы - Батан» автожолы жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында 2024 жылғы 01 мамырға дейін жабық тұрады.

9 ақпан 2024, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.