Атырау, 22 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда медициналық маска режимі қайта енгізілді

769 рет қаралды
фото: freepik.com

Қазақстанда медициналық маска режимі қайта енгізілді. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Құжатқа сай денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде кигені жөн. Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын шектеу үшін қолға алынып отыр.

Бетперде тағу режиміне көшу жұмыстары облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына жүктелді.

9 ақпан 2024, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.