Атырау, 18 ақпан 08:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Көкшетаудағы мектептерде ішімдікке салынған күзетшілер жұмыс істеген

575 рет қаралды
фото: freepik.com

Көкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысының полиция департаментімен бірлесіп, мектептерге өз қызметін көрсететін жеке ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тексеру барысында "Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы" диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.

"Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін іске асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау қаласының прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

8 ақпан 2024, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.