Атырау, 15 қаңтар 12:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Асқазанынан 2 келі апиын табылды: ҰҚК есірткі тасымалдаған шетелдіктерді ұстады

534 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі жеткізуммен айналысатын «жұтқыштар» деп аталатын контрабандалық арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҰҚК мәліметінше, 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.

«Осы жолаушылардың іш қуысына жүргізілген рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан артықты құрады», - делінген хабарламада.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.


8 ақпан 2024, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.