Атырау, 22 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астана әуежайында 15 рейс тоқтатылып, 18 рейс кешігіп жатыр

437 рет қаралды
Фото ашық дереккөзден

Бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған болатын. Оның ішінде ұшып кететін 7 рейс, ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар ұшуға тиіс 6 рейс, ал ұшып келуі керек болған 12 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Астана қаласы әуежайының әуеайлағында 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр. Мұндай ауа-райы ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан әуекомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейстерді тоқтату немесе кешіктіру туралы шешімдер қабылдады», - делінген хабарламада

Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуекомпаниялармен байланысуы керек. Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылған.

8 ақпан 2024, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.