Атырау, 18 желтоқсан 20:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Ақтау жұртшылығы “Иегова куәгерлерінің” ісіне наразы". "Дариға Назарбаева: Жұмыспен қамтуды тоқтата тұру керек".

2 187 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Приднестровье түйіні шешілетін күн алыс» - Приднестровье дауын шешу бойынша кезекті халықаралық келіссөзден нәтиже шықпады. Ал сепаратистік аймақтың өз ішінде парламентті Днестрдің арғы бетіндегі Бендерге көшіру туралы ұсыныс айтылды.

JASQAZAQ.KZ. «Әлемді әйелдер билеп отыр!» - Біз Нино Анзорқызымен 6-шы Астана экономикалық форумының аясында өткен жаһандық әйелдер конгресінде жүздестік. Саясаттың «жілігін шағып, майын ішкен» әдемі әйел Астанадан алған әсерлерін де жасырған жоқ. Сыр-сұхбатымыз төмендегідей болып шықты.

«Жаһанданудың ғажайыбы» - Жаһандану мен капитализм – еуропалық «солшылдардың» ежелгі дұшпаны. Десе де, жаһандану мен капитализмнің арқасында әлемнің ең кедей елдерінің тұрмысы елеулі түрде түзелді. «Солшылдар» жаһандану құрған қақпан туралы жұртты үрейлендіріп, «капиталистік құбыжықтарды» иттің етінен жек көреді. Attac және Occupy атты наразылық шерулеріне жиналады. Олар үшін бүкіләлемдік нарықтық экономика – шайтанның құралы, ал аштық, кедейшілік, індет, түтін және адам саудасы секілді сор мен апаттың бәріне жаһандық капитализмді айыптайды.

SERKE.ORG. «Оразақынов ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді» - Алматыда жылжымайтын мүлік орталығының директоры Оразақынов басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді, деп хабарлады ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі.

«Дариға Назарбаева: Жұмыспен қамтуды тоқтата тұру керек» - ҚР парламент депутаты Дариға Назарбаева «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының олқылықтарын кетірмейінше бір жылға тоқтата тұруды ұсынады.

NAMYS.KZ. «Лұқпан НҰРБАЙ. Ақтау жұртшылығы “Иегова куәгерлерінің” ісіне наразы» - “Tumba.kz” сайты хабарлағандай, өткен аптаның сенбі күні Ақтау қаласындағы 24-шағынауданның тұрғындары ”Иегова куәгерлерінің” алдағы уақытта тұрғызылатын жаңа ғимаратына қатысты наразылық шарасын өткізді.

MASA.KZ. «Қанат Әбілқайыр. Мен қалай "кафир" атандым...» - Кеше көлігіме бір сақалды жігіт мінді. Машинаға отырар-отырмастан: "Рұқсат болса, Алла разылығы үшін әнді өшіріп тастайсыз ба?" деді. "Қар жауады жапалақтап, Сен есіме түс...(кенде дегенге жетпей)" деген жерден әуезді музыка сап тыйылды. Тек тұрмастың кебімен: "Не музыка харам ба?" дедім.

«Зүбәйра Әкімова. Құрылыс нысандарындағы қитұрқылық» - Әу басында, нақтылай түссек, 2005 жылы жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің жалпыұлттық «Атамекен» Одағы» құрылғанда жақсылыққа балап, бір марқайып қалған едік.

BAQ.KZ. «Балабақшадан атасы өз немересі екен деп басқа баланы алып кеткен» - Ростов қаласының қарт тұрғыны балабақшадан немересін алып кетуге келіп, өзімдіке деп айғармай өзге баланы алып кетіпті. Ол мектепке дейінгі мекемеге кіріп, өз немересінің атын атап шақырған. Өзіне қарай жүгіріп келген балақайды киімдерімен қоса, жетегіне алып жүре береді. 

27 мамыр 2013, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.