Атырау, 22 желтоқсан 20:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Түркістанда екі бала анасының қолынан қаза тапты – Зәкиева

794 рет қаралды

Қызылорда облысының тумасы Түркістанда жалдамалы пәтерде өз балаларын өлтірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын. Періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды», - деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасында.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда. Істі Түркістан облыстық полиция департаменті тергеп жатыр.

Еске салсақ, Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай баланың мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ балалардың анасының мектепте мұғаліп болып жұмыс істегені белгілі болды.


8 ақпан 2024, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.