Атырау, 6 мамыр 05:03
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Алматыдағы лай көшкіні: үйінді астынан жасөспірімнің мәйіті табылды

360 просмотра
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда топырақ басып қалған үйдің үйіндісі астынан 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

«Алматыда лай көшкіні нәтижесінде іздестіру-құтқару жұмыстарының барысында сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратқа сәйкес, лай көшкіні болған жедел штаб ашылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді топырақ үйіндісінен тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - депі атап өтті ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ іздеу жұмыстарына 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Топырақ астында қалғандардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

«Техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан ғимарат зақымданған. Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштері лай көшкіні салдарынан қаза тапқан 2007 жылғы жасөспірімнің денесін тапты», - делінген хабарламада.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

ТЖД өкілдері ақпарат толықтырылатынын атап өтіп, тек ресми дерекке сенуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болып, бір үйді толық басып қалған. Үйінді астында қалғандардың екеуі ересек, екеуі бала. Барлығы – бір отбасының адамдары. Сондай-ақ қала әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты көшпелі кеңес өткізді


8 ақпан, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.