Атырау, 22 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қызылордада киік етін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

619 рет қаралды
Фото: Polisia.kz

Қызылордада полицейлер 76 киіктің ұшасын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia-ға сілтеме жасап.

«6 ақпан күні сағат 22:30 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Браконьер» іс-шарасы аясында Жезқазған – Қызылорда тасжолында Toyota Hilux және Toyota land cruiser автокөліктерін тоқтатпақшы болған. Алайда күдіктілер полицияның тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалағысы келді. Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады», - делінген хабарламада.

Toyota Hilux автокөлігінен 29 бас киіктің ұшасы мен 9 дана 12 калибрлі оқ дәрі табылса, Toyota land cruiser автокөлігіне 47 бас киіктің ұшасы тиелген.

Аталған дерек бойынша ұсталған 35 және 28 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы шешілуде.

«Браконьер» жедел-профилактикалык іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының 2 дерегі анықталды. Бұдан бөлек 9 киік ұшасының алыну деректері бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

7 ақпан 2024, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.