Атырау, 22 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Дүйсенова Ажар Ғинияттың жұмысына қатысты пікір білдірді

616 рет қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова экс-денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың дәрігер ретінде жақсы жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.

Осы ретте журналистер бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің қызметінен кетуіне «МӘМС-тегі былықтар себеп болды ма?» деп сұрады.

«Ажар Ғиният дәрігер ретінде жақсы жұмыс істеді. Әрине, МӘМС жүйесінде біраз мәселе бар. Оның тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде жаңа өзгерістер болып жатыр», - деп айтты Премьер-министрдің орынбасары.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Асхат Аймағамбетов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан бастамаларына қатысты пікір білдіре отырып, МӘМС моделін толық қайта қарау қажеттігін айтқан болатын.

7 ақпан 2024, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.