Атырау, 23 шілде 03:55
 дождьВ Атырау +24.8
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Қарағанды – Теміртау тасжолында апат болып, 300 көлік кептеліп қалды

680 рет қаралды
Видео кадры

Қарағанды – Теміртау тасжолында үш көліктің соқтығысуы салдарынан 300-ге жуық көлік кептелісте тұрып, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.    

Облыстық полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды – Теміртау тасжолында үш көлік соғылған жол апаты болғанын хабарлады.

«Апат салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді. Көліктерге зақым келді. Қазір Қарағанды - Астана тасжолы жабылды. Бұл аумақта 300-ден астам көлік жиналып қалды. Айналаның көрінуі жақсарып, жол бағыты тазартылғаннан кейін жол ашылады», - деп хабарлады ведомстводан.

Полиция облыс тұрғындарынан ауа райы болжамын қадағалауды және қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекендерден тыс жерге шықпауды сұрайды.

7 ақпан 2024, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.