Атырау, 6 мамыр 15:15
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Адамдар мінген автобус жер астына түсіп кеткен: іздеу жұмыстары қайта жалғасты

413 просмотра

Павлодар облысында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары қайта жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір мамандар одан әрі тау-кен жұмыстарын бастады. Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, қазір шұңқырдың маңайына қоршау орнату үшін, жерді қашау жұмыстары жүргізіледі.

"Ауыр тау-кен техникасы көмегімен шұңқырдың түбіне түсу жұмыстарын ұйымдастырдық. Бұл шұңғыманың түбіне қауіпсіз түсу мақсатында жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстарының жалғасы. Қазір аспалы жақтауларды алып жатырмыз, олар кез келген сәтте сынып кетуі мүмкін. Содан кейін автобус жатқан болуы мүмкін орынға техниканы түсіреміз", - деді Tengrinews тілшісіне "Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қуаныш Ботин.

Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін құтқарушылар шұңқырдың түбінде іздеу-құтқару жұмыстарына кіріседі.

"Біз геосканерлеу жұмыстарын жүргізген сараптама ұйымының мамандарын тарттық және металл көлемді нысан жатқан екі негізгі аумақты көрсеттік. Екі аймақ та шұңқырдың түбінде орналасқан. Міндет – бұл аймақтарға жетуге тырысып, аса сақтықпен және қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып адамдарды табу", - деп түйіндеді Ботин.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жұмыс бұрынғыдай тәулік бойы жалғасады.


7 ақпан, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.