Атырау, 19 қараша 17:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Жаңа танкерлер Ақтаудан Махачкалаға 139 739 тонна мұнай тасымалдады

887 просмотра
ҚазМұнайГаз

«Taraz» және «Liwa» танкерлері пайдалануға берілген уақыттан бастап Ақтау портынан Махачкалаға дейін 22 рейс жасап, 139 739 тонна мұнай тасымалдады, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз.

Қазіргі кезде «Taraz» және «Liwa» су көліктері Каспий теңізінде Ақтау-Махачкала бағытында қатынайды. Әрқайсының дедвейті – 8 мың тонна.

Еске сала кетсек, былтыр қараша айында Ақтау портында «Taraz» және «Liwa» мұнай құю танкерлерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Олар ҚазМұнайГаз бен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастық аясында салынды және сатып алынды. Жаңа кемелердің иесі — «Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd» бірлескен кәсіпорны. Компанияның акционерлері — «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚМГ еншілес кәсіпорны) мен International Maritime Investments Ltd (араб компаниясы AD Ports Group еншілес ұйымы).

7 ақпан, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.