Атырау, 6 мамыр 10:32
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Әзербайжанда президент сайлауы болып жатыр

353 просмотра
BBC

Әзербайжанда кезектен тыс президент саайлауына дауыс беру басталды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Trend.az агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Мазахир Панахов сайлау учаскелерін сағат 08:00-ден бастап дауыс беруге ашық деп жариялады.

Кандидаттардың жалпы саны – 7.

Олар:

  • Ильхам Әлиев (Билеуші партия – «Жаңа Әзірбайжан»);
  • Захид Оруж;
  • Фуад Әлиев;
  • Рази Нуруллаев (Ұлттық майдан партиясы);
  • Фазиль Мұстафа (Ұлы жасампаздық партиясы);
  • Эльшад Мұсаев («Ұлы Әзірбайжан» партиясы);
  • Гудрат Гасангулиев (Әзірбайжанның Бірыңғай Халық майданы партиясы)

BBC-дің жазуынша елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев сайлаудың болатыны туралы 2 ай бұрын ғана жариялаған. Сәйкесінше оппозицияның кандидат шығаруға мұршасы болмады. Сайлауға қатысып отырған 6 кандидат та Әлиевке шын қарсылас бола алмайды. Сондықтан кімнің президент болатыны айдан анық дүние.

Әзірбайжанды 20 жылдан бері басқарып келе жатқан Ильхам Әлиев бұрынғы президент Гейдар Әлиевтің ұлы.

Гейдар Әлиев 1969-1982 жылға дейін Әзірбайжан КСР басшысы болды. Тәуелсіздің алғаннан кейін ол Әзірбайжанды 1993 жылдан 2003 жылға дейін қайтыс болғанша басқарды. 2003 жылы билік оның ұлына өтті.

Республика бойынша 6 миллион 478 мың 623 адам дауыс бере алады, 6537 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Сайлау барысын бақылауға 90 мыңнан астам бақылаушы ретінде қатысады.

Тәуелсіз Әзірбайжан тарихында президент сайлауы алғаш рет елдің бүкіл аумағын қамтып отыр. Оккупациядан босаған жерлерде 26 сайлау учаскесі құрылды.

7 ақпан, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.