Атырау, 2 мамыр 04:14
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

344 просмотра
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.  

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айбек Арқабайұлы 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған.

2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған; 2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.

2001-2002 жылдары — Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы;

2008-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы;

2011-2013 жылдары — Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева;

2013-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі;

2019-2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары;

2021 жылғы 28 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары.

2022 жылдың 11 қантарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болды.

ІІ класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

6 ақпан, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.