Атырау, 2 мамыр 11:25
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Мұқият қадағалап отырмын»: Тоқаев Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді

353 просмотра

Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қазіргі жұмысы көңілінен шығатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ел Президенті ретінде депутаттардың жұмысын мұқият қадағалап отырмын. Шынымды айтсам, Мәжіліске ризамын. Шын мәнінде, ауқымды, маңызды жұмысты, ең алдымен халық үшін қажетті жұмысты абыроймен атқарып отырсыздар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бүгін отырыста Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысының лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасына қатысты дауыс берген болатын. Кандидатураны Мәжілістің 69 депутаты қолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та AMANAT партиясы ұсынған кандидатураны қолдады. Осылайша Үкімет басшысы ретінде Олжас Бектенов тағайындалды.


6 ақпан, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.