Атырау, 18 ақпан 10:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Олжас Бектенов премьер-министр болды

518 рет қаралды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Былтыр Бектенов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Антикор басшысы қызметін атқарып келген.

Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кеткен болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді.

6 ақпан 2024, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.