Атырау, 2 мамыр 10:06
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Еуроодақ елдеріне қазақстанның көксерке сүбесі қырғыздық деп экспортталған

349 просмотра

Балық өнімінің аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті жүргізуде.

Сотқа дейінгі тергеумен 2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында заңды тұлға Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттағаны анықталды.

Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығымен көрінеу жалған, балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын ветеринарлық сертефикат қолданылған.

Алайда, аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.

Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.  

6 ақпан, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.