Атырау, 2 мамыр 13:48
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Маңғыстау облысының экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды

366 просмотра

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Омаров жаңадан тағайындалған Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиевты ұжымға таныстырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 

Армат Жүсіпқалиев 1981 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша, сонымен қатар 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универститетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2002 жылдың қыркүйек айынан - «ИНТЕК» ЖШС эколог. 2004 жылдың тамызынан – «Технопарк «Алгоритм» ЖШС технолог менеджері. 2006 жылдың мамырынан - «ОралАгроРеммаш» АҚ президентінің көмекшісі. 2008 жылдың маусымынан - «ЖайықМұнай» ЖШС Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау инженері. 2011 жылдың қыркүйек айынан - «Павлодар зауыты Темірмаш» ЖШС бас инженері. 2014 жылдың қараша айынан - «NADLoС» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Өнеркәсіпті дамыту департаментінің менеджері. 2017 жылдың қазан айынан - «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ «ОКД» бақылау тобының жетекшісі, бас менеджері. 

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр. Ермек Қасымғалиұлы жаңа басшы Армат Жалғасбайұлын жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, өңірдің экологиялық проблемаларын шешуде тиісті міндеттерді жүктеді.

6 ақпан, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.