Атырау, 2 мамыр 14:58
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Экология вице-министрінің үстінен тергеу басталды

303 просмотра
Сурет: gov.kz

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев жемқорлық күдігіне ілікті. ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, оның үстінен тергеу басталған. Кей ақпарат құралдары өз дереккөздеріне сілтеп шенеунік қамауға алынды деп жазды. Ал экология және табиғи ресурстар министрлігі сайтында Ошурбаев "жұмыс орнында жоқ" деп қысқа қайырды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

"БҰҰ-ның климат өзгерістері бойынша конвенциясы тараптарының 28-конференциясын ұйымдастыру шығындары бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізген ішкі аудит нәтижесінде министрлік басшылығы құжаттарды жемқорлыққа қарсы комитетке жіберілді" деп хабарлады экология министрлігінің баспасөз қызметі.

5 ақпанда жемқорлықпен күрес агенттігі Мансұр Ошурбаевтың қызметтік үй-жайындағы құжаттарды алдырған.

Ошурбаев 2023 жылғы 1 маусымда Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалған. Мұның алдында ол осы мекеменің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.

Мансұр Ошурбаев 2010 жылдан бері осы министрлікте түрлі қызметтер атқарып келеді.

6 ақпан, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.