Атырау, 2 мамыр 04:24
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Алматы облысында инвестор заңсыз тексеруге ұшырады

213 просмотра

Алматы облысы прокуратурасы «СТК Sokol» ЖШС инвесторына қатысты бақылаушы орган тарапынан заңсыз тексеру және шектеу шараларын қолдану дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.  

Бүгінгі таңда инвестормен спорт-техникалық саланы дамытуға бағытталған жобаға 20 млрд теңгеден астам қаржы салынған. 

Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын бұза отырып, Алматы облысының Жер ресурстарын басқару Департаментінің қызметкеріменқұқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тексеруді тағайындау туралы акті тіркелмей ЖШС қызметінде тексеру жүргізілген.

Тексеру қорытындысы бойынша ауданы 100 га жер учаскесіне ауыртпалық салынған. 

Қадағалау актісі бойынша тексеру заңсыз деп танылып, жер учаскесіне салынған шектеу сипатындағы ауыртпалық алынып тасталды. 

Облыс прокуратурасының қаулысымен заңсыз тексеруді жүзеге асырған қызметкер ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу).

Бизнес пен инвесторлардың құқытары мен заңды мүдделерін қорғау жұмыстары жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

6 ақпан, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.