Атырау, 22 желтоқсан 22:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жол үстінде шарап ішіп, ваннаға түскен блогер қамауға алынды

500 рет қаралды
Видеодан алынған скриншот

Блогер қызық контент түсіру үшін Талғар қаласының орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ваннаға жатып, шарап ішкен, деп хабарлайды halyq-uni.kz.

Ол таңданған жүргізушілер мен өтіп бара жатқан адамдардың көзінше киімімен көбікке барып жата қалады. Бірақ бұл «тамаша» полиция қызметкерлері келісімен тоқтатылған.

Патрульдік полиция ротасы патрульдеу кезінде Талғар қаласының орталық көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сонымен бірге, оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан басқа да қатысушылар анықталып, ұсталды, - деп хабарлады полиция.

Жол қозғалысына кедергі келтіргені, көлікті қою және тоқтату ережелерін сақтамағаны, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты бірқатар әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен түсірілім кейіпкері 15 тәулікке қамауға алынды.

6 ақпан 2024, 00:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.