Атырау, 22 желтоқсан 22:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Үкімет орнынан түсіп, премьер-министрдің қызметін уақытша атқару міндеті Склярға жүктелді

829 рет қаралды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметін орнынан түсіру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

5 ақпан 2024 жыл 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", делінген Жарлықта. 

5 ақпан 2024, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.