Атырау, 4 мамыр 17:50
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысын қабылдады

402 просмотра

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіптің» 2023 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есеппен танысып, компанияның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған мақсаты мен жоспарын тыңдады.

Президентке өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өнімдерін өндіру көлемі 21 мың тоннадан, ал сату көрсеткіші 18 мың тоннадан асқаны жөнінде баяндалды. Мейіржан Юсуповтың айтуынша, 2023 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған уран өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан. Қазақстаннан батыс елдеріне жөнелтілген уранның 64 пайызы осы транзит дәлізі арқылы тасымалданған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндіріс орындары орналасқан өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Президентке минералдық-шикізаттық базаны кеңейту және толықтыру жұмыстары жайында айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

5 ақпан, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.