Атырау, 22 желтоқсан 22:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Еліміз су спортынан әлем чемпионатында алтын алды

519 рет қаралды
Сурет: olympic.kz

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады.

Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алған. 

Айта кетейік, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді. 

5 ақпан 2024, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.