Атырау, 12 мамыр 06:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Роман Скляр БЖЗҚ қаражатына вагон сатып алу жобасы туралы пікір білдірді

657 просмотра

Фото: Kazinform

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын «Бәйтерек» холдингі арқылы вагон сатып алуға жұмсауды көздейтін жоба туралы пкірі білдірді, деп жазады Казинформ.

«Мен БЖЗҚ-ның жекелеген жобаларына акцент жасамас едім. Көпжылдық құқық қолданысындағы тәжірибе де қаржы институттарының нарықтан қарызға ақша тартуы бар. Ол БЖЗҚ ақшасы да болуы мүмкін, екінші деңгейлі банктердің немесе жеке инвесторлардың қаражаты болуы мүмкін. Бұл жерде алынған қаражаттың қайтатынына кепіл болғаны маңызды. БЖЗҚ қаражатын алу өте сезімтал мәселе екені түсінікті. Бұл ақша қорға жарна аударып отырған әр азаматқа табыс әкеліп, келешектегі зейнетақы жинағына инвестициялық кірісті қамтамасыз етуі керек», - деді ол инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның сөзінше, БЖЗҚ ақшасы қандай жобаға тартылғаны емес, неше пайызбен тартылғаны маңызды.

«Сонымен бірге мұндай жобалардың тәуекелі үлкен болмағаны да маңызды. Қаржы институттарының, оның ішінде «Бәйтеректің» міндеті - осы мәселелерді толыққанды шешу. «Бәйтерек» - 100 пайыз мемлекеттік холдинг. Сондықтан БЖЗҚ қаражатының қайтатынына да 100 пайыз кепілдік бар. Осыны түсіну маңызды. Ал холдингтің қандай жобаларға несие тартатыны екінші мәселе. Сондықтан мен 100 пайыз кепілдік бар екеніне және пайыздық мөлшерлемесіне көбірек мән беру дұрыс дер едім», - деді Роман Скляр.

2 ақпан, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.