Атырау, 25 қыркүйек 06:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Қарағандыдағы жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

721 просмотра

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«1 ақпан күні Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 27.01.2024ж. сағат 00.20 шамасында орын алған «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетекйік, 27 қаңтарда әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу туралы видео пайда болды.

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.

2 ақпан, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.