Атырау, 22 желтоқсан 22:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҚазМұнайГаз кадрлық тағайындау туралы хабарлады

613 рет қаралды
Дәулетжан Хасанов (сол жақта) пен Нұрсейіт Союнов

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов 2024 жылдың 30 қаңтарынан бастап қызметінен кетті. Сондай-ақ, ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры лауазымындағы жұмысын да аяқтады, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

Д.Хасанов мұнай барлау және өндіру блогына жетекшілік еткені айтылды. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Нұрсейіт Союнов тағайындалды, сондай-ақ оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігі директорының міндеттері қоса жүктелді. Бұған дейін ол «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры қызметін атқарған.

Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған.  Еңбек жолын 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ оператор болып бастаған.

1 ақпан 2024, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.