Атырау, 22 желтоқсан 22:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қарағандыда прокурор 8,3 миллиард теңгеден астам сомаға конкурстардың қорытындысын жойды

565 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының актісі бойынша құны 8,3 млрд теңгеден асатын 16 конкурстың қорытындысы жойылды, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Күшін жоюға қаржылық тұрақтылық индикаторы негізінде әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектейтін тапсырыс берушілердің келісім-шарттарды орындау мерзімін ұлғайту фактілері негіз болды.

Мысалы, Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының әкімдігі үш жылдық мерзімге 136 миллион теңгеге ағаштарды санитарлық кесуге конкурс жариялаған.

Бұл бір жылдан астам келісім-шарт жасасу негіздерінің толық тізбесін қарастыратын Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына қайшы келеді.

Барлық бұзушылықтар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

1 ақпан 2024, 08:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.