Атырау, 22 желтоқсан 22:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елдегі сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат

567 рет қаралды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат таратты.

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2 жер сілкінісін тіркеді:

2024 жылғы 31 қаңтарда сағат 11:13-те жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезгіштігі жоқ.

2024 жылғы 1 ақпанда сағат 01:21-де жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 525 км жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезгіштігі жоқ.

Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.

1 ақпан 2024, 08:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.