Атырау, 3 мамыр 18:56
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Жаңаөзенде өндірістегі жұмыс кезінде бір адам қайтыс болды

240 просмотра
Сурет: Lada.kz

«Өзенмұнайсервис» ЖШС Өзен кен орнында болған қайғылы оқиғаның себебін қатысты мәліметті жария етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz серіктестіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"27 қаңтарда «Өзен» кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеудің түнгі ауысымында жазатайым оқиға болып, мердігер компания - «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС-нің жұмысшысы қаза тапты. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау, алдағы уақытта мұндай жағдайларды алдын алу үшін мемлекеттік еңбек инспециясының жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС мен «Өзенмұнайсервис» ЖШС басшылығының ерекше бақылауында", - деп жазылған компания таратқан хабарламада. 

Сонымен бірге «Өзенмұнайсервис» ЖШС жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында тиісті шаралар уақытында атқарылып отыратынын мәлімдеді. 

"Басты міндеттеріміздің бірі – өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігі мен амандығы. Барлық персонал еңбекті қорғау және өнекәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша тиісті оқудан өтіп, олардың білімі үнемі тексерілетінін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қаза болған жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсетуге дайын", - деді «Өзенмұнайсервис» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

1 ақпан, 08:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.