Атырау, 3 мамыр 09:21
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Мобильді аударымдарды балалардың шотына жіберуге бола ма

349 просмотра

Мобильді аударымдарды балалардың шотына жіберуге бола ма және оның барысы қалай қадағаланады? Бұл сауалға Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов жауап берді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Егер жеке кәсіпкер баласының шотына (ұялы телефонына) көп аударым жасаса, баланың жеке дерегі салық органдарына беріле ме? Тексеріс жүре ме?» деген сауал қойылды.

«Бұл жағдайда аударым мәселесін екінші деңгейлі банктер шешеді. Ал шектен тыс аударым жасалғаны туралы ақпарат бізге келіп түссе, онда бақылауға аламыз. Менің білуімше, заң бойынша балаларға мүлікке иелік етуге шектеу жоқ, ал кәсіпкерлік бойынша бұл мәселе ашық күйде қалып отыр», - деп жауап берді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов.

Оның айтуынша, әр жағдай бойынша мәселе жеке қаралады.

Бұған дейін мобильді аударымдарды туыс-таныстар арқылы қабылдауға тыйым салынбағаны туралы хабарлаған едік

Одан бөлек, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымның артық тұстары туралы айтып берді

31 қаңтар, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.