Атырау, 25 қыркүйек 08:14
 ашықВ Атырау +22
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

​Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ сабыр сақтауға кеңес береді

454 просмотра

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі арқылы Қазақстандағы сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат таратты.

Бұл ақпаратқа сәйкес, ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен өткен тәулікте 2024 жылғы 30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді, оның 1-і Қазақстан аумағында 04 сағатт 27 мин. 36 сек. сезілді. Оның эпиорталығы  Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қ. 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.

"Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - делінген хабарламада. 

31 қаңтар, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.