Атырау, 15 қаңтар 15:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр

738 рет қаралды

Түркістан облысы халқының саны 2 140 926 адамды құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZINFORM.

2023 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша Түркістан облысы халқының саны 2 140 926 адамды құраған. Оның ішінде қала халқы – 527 633 болса, ауыл халқының үлесі – 1 613 293.

«Өңірде қаңтар-қараша айларында 51 145 бала туған. Оның 26 323-і – ұл болса, 24 822-сі – қыз. Бүгінде облыс демографияны көтеру бойынша республикада көш басында, оның үлесі 14,3% құрап отыр»,-деді Нұрқожа Ермекұлы.

Бұдан бөлек, спикер өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 10 826 неке тіркелгендігін айтты. Сондай-ақ, 2023 жылы тіркелген ажырасулар саны 2022 жылмен салыстырғанда 5,6%-ға кемігенін жеткізді.

Сонымен қатар, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында көші-қонмен облысқа 35 953 адам келген. Оның ішінде 35 473 адам – Қазақстанның басқа облыстарынан, 473 адам – ынтымақтастық елдерінен, 7 адам – алыс шет елдерден қоныс аударған. Жалпы облыс ішіндегі көші-қон 40 373 адамды құраған.

30 қаңтар 2024, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.