Атырау, 25 қыркүйек 08:18
 ашықВ Атырау +22
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Былтыр Қазақстан азаматтығын алғандардың 76 пайызы – қандастар

574 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қандастардың тең жартысынан астамы Өзбекстаннан елге келді, деп хабарлайды Информбюро.

Өткен жылы Қазақстан азаматтығы 26 828 адамға берілсе, олардың 20 523-і – қандастар. Бұл туралы "Отандастар" қорының мәліметінен белгілі болды. 
1542 адам ел азаматтығын президент жарлығымен алса, қалған басым бөлігі жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа ие болды. 
2023 жылы Қазақстан азаматтығын жеті елдің азаматтары алды. Олар: 

Өзбекстан – 14 539 (қандастар – 13 244);
Ресей – 3505 (қандастар – 1313);
Қытай – 2772 (қандастар – 2768);
Түрікменстан – 1796 (қандастар – 1778);
Қырғызстан – 1258 (қандастар – 274);
Моңғолия – 810 (қандастар – 802);
Ауғанстан – 133 (қандастар – 112). 

30 қаңтар, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.