Атырау, 18 желтоқсан 21:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Рахат Шораз ұлының тойына келе ме?"."Сыртқы істер министрінің орынбасары дайындықсыз келгені үшін Мәжілістен қуылды". "Грузия экс-премьері қамауға алынды". "Алтынай мен Айгүл: Екеуміз апалы-сіңлілі болып келеміз". "Каримова ісінде» жаңа құжаттар табылды"

2 438 просмотра

AIKYN.KZ. «Қару құшақтап ұйықтайтын халық» - Құрметті оқырман, әлемдегі халқы соғысқа үнемі дайын жүретін, ең жаугер мемлекет деп қай елді айтар едіңіз? Оны бірден дөп басып айту қиын. Көпшілігі АҚШ, Ресей, Израиль, Солтүстік Корея, Қытай, Иран, Пәкстан... сияқты атом қаруы бар мемлекеттерді атауы мүмкін.

«Проблемалы портфель күндіз – күлкі, түнде – ұйқыдан айырды» - Банк саласында тарқатуы қиын бо­лып тұрған проблеманың негізгісі қа­рызы қайтарылмаған портфельдер бо­­лып тұр. Күннен-күнге жұқарудың орнына қампия түсіп, қос бүйірі қом­пиып, жарылуға жақындаған қор­жын­дардың қатары өсе түсуде.

AZATTYQ.ORG. «Каримова ісінде» жаңа құжаттар табылды» - Швед журналистері Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримова мен коммуникация саласындағы TeliaSonera компаниясының "коррупциялық байланысы" туралы жаңа құжаттар тапқанын айтады.

«AI: Қазақстан қамаудағы қатыгездіктен бас тартсын» - Азаттық мамырдың 23-і күні әлемдегі адам құқықтары ахуалы бойынша жылдық есебін жариялаған Amnesty International ұйымының өкілінен Қазақстандағы жағдай бойынша сұхбат алды.

SERKE.ORG. «Әбілязовтың Лондондағы дүние-мүлкі сатылады. Неге?» - Қазақстан полициясынан қашып, шетелде жасырынып жүрген Мұхтар Әбілязовтың Англиядағы дүние-мүлкі сатылғалы жатыр. Олардың ішінде Лондонның солтүстігіндегі элиталық ауданда орналасқан Carlton House особнягі, Виндзор графтігіндегі Oaklands Park атты жер учаскесі және элиталық пәтері бар.

ZHASALASH.KZ. «ДУХ» немесе әскердегi әлiмжеттiк» - Соңғы уақытта БАҚ-та әскерде жүрiп, өлiм құшқан сарбаздар жа­йында жиi жазылып жүр. Әскерде жүрген баласынан айырылған ата-аналар мен әскери бөлiмнiң басшыларының арасындағы дау-дамай да бiтер емес. Ата-ана перзентiнiң өлiмiн әскердегi әлiмжеттiктiң кесiрiнен десе, командирлер сарбаздың өзiнен дейдi. Қайсысы дұрыс? Кiм кiнәлi? Бұл – шырмауы ұзын, шырғалаң сұрақтар.

«Рахат Шораз ұлының тойына келе ме?» - Шетел асқан қылмыскер Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанның үйленетiнi жайлы ақпарат өткен аптада тараған-ды. Президент Н.Назарбаевтың немересi анау-мынау емес, “ҚазРосГаз” компаниясының бас директоры Қайрат Боранбаевтың қызын таңдағаны да жұртқа мәлiм. “Бай-байға, сай сайға құятынын” қарапайым халық жақсы бiледi. Десек те, бұл тойдың елдi соншалықты елеңдетуi бекер емес.

ALASHAINASY.KZ. «Салық ұрлаған сөмкелерге шекарада бөгет жоқ» - Бізде алдымен заң қабылданады, одан кейін оны айналып өтудің жолдары қаралады. Менталитет солай болып барады. Кеден одағын құру да бұл қанға сіңе бастаған алабөтен қасиетті жоя алмапты, әзірге.  Заңдылық бойынша осы одаққа мүше елдердің тауарлары бір-біріне ешқандай салықсыз еркін тасымалданып, өтімділігі жоғары болуы керек, ал импорттар шектеледі.

KAZINFORM.KZ. «Грузия экс-премьері қамауға алынды» - Мерабишвили мен Чиаберашвили "22 мыңнан астам партия белсендісін еңбек министрлігінің еңбекақы қорына тіркеп қойған" деген күдікке ілінген. Экс-премьер мен бұрынғы министр - президент Михаил Саакашвилидің жақтастары. Президент "олардың  тұтқындалуының саяси астары бар" деп мәлімдеді.

«Шөкеев ұлттық компаниялардың шығындарын сынға алды» - «Самұрық-Қазына» Қорының басшысы Өмiрзақ Шөкеев еншілес компаниялардың жөнсіз шығындарын сынға алды және активтерді капиталдандыруды арттыру жөніндегі міндетке екпін бердi.

BAQ.KZ. «Алтынай мен Айгүл: Екеуміз апалы-сіңлілі болып келеміз» - Танымал актер әрі продюсер Сәбит Әбдіхалықовты елімізде білмейтіндер кемде-кем. Ал бойына бірнеше өнерді тоғыстырған Айгүл Иманбаева мен талантты әнші Алтынай Жорабаеваны жұртшылыққа таныстырудың өзі артық.

«Ұялы телефон ұстамайтын, кино, сериал көрмейтін жалғыз қазақ» - Математик Асқар Жұмаділдаевты жақында кездейсоқ кездестіріп қалғанбыз. Біздегі  математиканың жай-күйі, Қазақстандағы мықты математиктер жайлы біліп қалайық деген оймен қашан да асығыс жүретін ағамызды аз-кем әңгімеге тарттық.

KTK.KZ. «Сыртқы істер министрінің орынбасары дайындықсыз келгені үшін Мәжілістен қуылды» - Мәжілістің бүгінгі отырысы шумен аяқталды. Сыртқы Істер министрінің орынбасарын Төменгі палатаның төрағасы пленарлық отырыстан қуып жіберді. Самат Ордабаев Қазақстан мен Ресей достығына қатысты заң жобасын таныстыруға келген болатын. Алайда депутаттардың қойған сауалына сол күйі мардымды жауап қата алмады. Ежіктеп, баяндамасын да жарытып оқи алмаған вице-министрді Мәжіліс спикері ақыры мінберде тұрған жерінен қуып шықты.

JASQAZAQ.KZ. «Ұлы қорғанның» ұлықтары" қазаққа неге қырын қарайды?» - Ақтөбедегі қазақ-қытай бұрғылау компаниясында тағы шу шықты. Мұнайшылар жалақының аздығымен қоса, кез келген уақытта жұмыстан қуылатынын айтып, баспасөз мәслихатын өткізді. Олар кәсіпорын басшысына хат та жазыпты. Әзірге нақты жауап жоқ.

23 мамыр 2013, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.