Атырау, 25 қыркүйек 08:19
 ашықВ Атырау +22
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Миллиондарды иемденген аурухана есепшісі 7 жылға сотталды

597 просмотра

Ашық дереккөзден алынған сурет

Алматы облысындағы Ұйғыр орталық облыстық ауруханасының есепшісі 90 миллион теңгені жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұл қаражатты кәсіпкерлер келісімшарттардың орындалуына кепілдік ретінде аурухананың банк шотына салған.

Ал аудандық ауруханада есепші болып жүрген азаматша Д. ақшаны жеке шотына аудару арқылы жымқырған.

«Заңнамаға сәйкес, мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын шарт құнынан 3% ақшалай қаражат енгізеді. Бұл ақша мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады», - деді прокуратурадан.

30 қаңтар, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.