Атырау, 25 қыркүйек 08:20
 ашықВ Атырау +22
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Қарағанды облысында екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, екі адам қаза тапты

475 просмотра

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында газ баллоны жарылып, осының нәтижесінде үй опырылған. Апат салдарынан екі адам қаза тапқан. Үйінді астында адамдар бар. Бұл жайлы аудан әкімі Абылай Сұлтанғали жазды.

«2024 жылғы қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Әуезов көшесіндегі 12 пәтерден тұратын 2 қабатты үйдің 2-ші кіреберісінде алдын ала болжам бойынша тұрмыстық газ баллоны жарылды. Кейіннен екінші қабат жартылай қирады. Өрт болмады. Үйінділердің астында адамдар бар. Жергілікті жерде Штаб ұйымдастырылды»,– деп жазды аудан әкімі Абылай Сұлтанғали өзінің Инстаграм парақшасында.

Әкімнің хабарлауынша, апат орнында 45 адам және 13 техника жұмылдырылған.
Үйінді астынан 6 адам шығарылып, Ботақара кентінің орталық ауруханасына жіберілген. Ал екі адам қаза тапқан.

«Өздеріңіз білетіндей, екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке орай, екі адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын»,– деп жазды әкім.

Аудан басшысы зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, үйсіз қалған адамдар тиісті орындарға уақытша орналастырылғанын айтты.

30 қаңтар, 08:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.