24 қаңтарда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қашағандағы газ өңдеу зауыты құрылысының операторы «GPC Investment» ЖШС-нің жалғыз акционері болды.
Сонымен қатар, қор «Soft Art» ЖШС жарғылық капиталының 50 пайыздық үлесіне ие болды. Бұған дейін 2022 жылдың сәуір айында «Integrity Solutions» ЖШС бұл пакетті республикалық меншікке берген болатын. Компания инфокоммуникация саласында жұмыс істейді.
Еске салайық, қосалқы мердігердің жұмысшылары 2024 жылдың қаңтарында газ өңдеу зауытының құрылысында ереуілге шыққан болатын. Ал айдың ортасында Энергетика министрлігі мен Қашаған акционерлері Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу бойынша алдын ала келісімге келді.
Жомарт ӘМІРХАНОВ