Атырау, 25 қыркүйек 10:24
 ашықВ Атырау +22
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Стамбұлдан Қазақстанға халықаралық террористік ұйым әрекетіне қатысы бар деген күдікті депортацияланды​​

355 просмотра

27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жасар қазақстандық Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.

Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырды.

Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

29 қаңтар, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.