Атырау, 3 маусым 05:39
 дождьВ Атырау +12.9
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

ҰҚК ​Қазақстан-Ресей шекарасынан ​100 кг есірткі тәркіледі

836 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі есірткі партия контрабандасы арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

2024 жылғы 18 қаңтарда рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған  жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 кг есірткі заты табылып, алынды.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.    

 


26 қаңтар 2024, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.